г. Темиртау, проспект Республики 5, офис 10 | тел.: 8 (7213) 98-52-16, 8 (700) 232-43-43, 8 (776) 232-43-43, факс: 8 (7213) 98-50-06

ҚҰРМЕТТІ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ  ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ!

Теміртау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы (бұдан әрі –Басқарма) Сіздерге мәлімет етеді, Кәсіпкерлік кодексінің 27 –бабының 4-тармағына сәйкес,  Кәсіпкерлік субъектілері — қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау үшін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға не хабарлама жіберуге міндетті.

Қазақстан Республикасының  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілер (эпидемиологиялық маңызы бар)  екіге бөлінеді:

  • эпидемиологиялық жоғары маңызы бар объектілер;
  • болмашы эпидемиялық маңызы бар объектілер («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 21 –баптың 3-тармағы)

Жоғары эпидемиялық маңызы бар объектілердің  халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласында құқықтық нормативтік актілерге сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді.

Жеке және заңды тұлғалар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мемлекеттік органына  қызметінін басталғанын немесе қызметін тоқтатқаны туралы Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңнамасына сәйкес («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 21-1 баптың 2,3 тармағы)  хабарлама беру қажет.

Бұл ретте жеке және заңды тұлғалар эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) басталғанға дейін объектіні халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 17.11.2017ж. №836 «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнім мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен жоғары эпидемиялық және болмашы эпидемиялық объектілердің тізімі бекітілген.

Қазір, Басқарма Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес,  жоғары эпидемиялық маңызы бар объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны Мемлекеттік қызмет көрсетулер түрінде береді, екінші деңгейлі рұқсат етілген құжат болып табылады.

Осыған байланысты, міндетті түрде Басқармаға:

  • жоғары эпидемиялық маңызы бар объектілерге рұқсат алу үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажет;
  • эпидемиялық болмашы маңызы бар объектілердің қызметінің басталғаны немесе тоқтатқаны туралы (эксплуатация) хабардар беру қажет.

Құжаттарды қабылдау объектілерге рұқсат алу үшін немесе эпидемиялық болмашы маңызы бар объектілердің қызметінің басталғаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны электронды түрде Е-лизензиялау (www.elicense.kz) арқылы хабарлама беруге болады.

Барлық мәселелер бойынша ақпарат алу үшін, Басқармаға жүгінуге болады, орналасқан жері: Теміртау қ., Фурманов көшесі, 2А, телефон -93-33-06, 93-33-08, 93-33-00.

Қолданыстағы осы заңдылықтарды сақтамағы үшін шара қарастырылған —әкімшілік (463-бап «Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу» ҚР ӘҚБ Кодексімен)  жауапкершілікке тартылады.

 


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары
Базовые ставки на 2022 г.
  • МРП3 063 тенге
  • МЗП60 000 тенге
все новости →

Авторизация

Забыли пароль?

Регистрация

Вход

Генерация пароля

Вход